Қалалық қоғамдық-саяси газет

СҚО Төтенше жағдайлар департаментінде салтанатты марапаттау рәсімі өтті

0 168

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында аппараттық кеңес аясында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай қызметкерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығы полковник Рамиль Камалов өз сөзінде ТЖ мен өрттерге ден қоюға жеке құрамның тұрақты әзірлігін сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтіп, ведомство қазіргі заманның қауіп-қатерлері мен сын-тегеуріндерін ескере отырып, кадрлық құрамды нығайту үшін барлық шараларды қолданатынын атап өтті.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін СҚО ТЖД бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Ренат Симомбаев және «СҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ №2 МӨСБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны Асқар Сүйменбаев Қазақстан Республикасы ТЖМ құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ СҚО ТЖД ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Сәкен Ағзамов ҚР ТЖМ алғыс хатымен марапатталды. Іс-шараны өткізу барысында Рамиль Фаткулович капитан Қуат Махметовке, СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері және Есіл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Кенжебек Қожахметовке алғыс жариялады. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін облыс әкімінің құрмет грамоталарын дағдарыс жағдайларындағы басқарма бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рүстем Жұмағалиев және Петропавл қ. № 3 өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау старшинасы Асылбек Ахманов алды.

Сондай-ақ облыс әкімінің алғыс хаттарымен М.Жұмабаева ауданының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Назымбек Елемесов және Петропавл қ. 2-МӨСБ бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау прапорщигі Айдын Хамзин марапатталды. Есіл ауданы ТЖ бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Исабек Каменовке орта басшы құрамның азаматтық қорғау аға лейтенанты кезекті арнаулы атағы берілді. Департамент бастығы әріптестерінің зор қошеметіне бөленіп, «Мен қазақша сөйлеймін» байқауының жеңімпаздарын құттықтады: 1 орын– Булаев қ. №12 ӨСБ жүргізуші – қызметкері, азаматтық қорғау сержанты Евгений Борисенко, 2 орын – Петропавл қ. № 3 ӨСБ жүргізуші – қызметкері, азаматтық қорғау аға сержанты Виталий Ткаченко, 3 орын – Пресновка с. №11 ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы,  азаматтық қорғау кіші сержанты Павел Потехин.

Іс-шара соңында Рамиль Фаткулович Департамент қызметкерлеріне мемлекет қауіпсіздігін нығайтуға, халықты табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан қорғауға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғысын білдірді.

 

23

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.