Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сән әлеміндегі кездесу

0 136

«Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің аумағындағы «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығында халықаралық «ASPARA FASHION WEEK» сән жобасының VIII маусымы аясында баспасөз-конференциясы өтті, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Еркін форматта «Мәдениеттер диалогы» ұранымен өткен жиынды «ASPARA FASHION WEEK» Президенті, «Асыл-Дизайн» Сән үйінің бас дизайнері және Тараз қаласындағы «АСПАРА» мәнерлік өнер және бизнес колледжінің құрылтайшысы, 80-нен астам имидждік және маусымдық топтамалардың авторы Айдархан Қалиев ашып, жүргізді. Бұл шара сән әлемінде бір-бірінен шеберлік пен тәжірибе алмасуға мұрындық болды. Сонымен қатар мәдениет қалыптастыру, Орталық Азия және еуропалық дизайнерлердің авторлық бұйымдарын ілгерілету үшін, дизайнерлер мен fashionindustry мамандары арасында тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Оның 3 күні онлайн, ал 10 қазан күнгі шарасы офлайн режимінде іске асты.

– Негізінен, «ASPARA FASHION WEEK» жобасының VIII маусымын өткізудің басты міндеттерінің бірі – шынайы жас таланттарды ілгерілету және индустрия мен сән сапасын жетілдіру.
«ASPARA FASHION WEEK» – Тараз соңғы кездері өткеннің өрнегін заманауи жаңалықтармен ұштастыра отырып, жаңаша бағытта өркендетуде. Қазақстанның сән индустриясы дамып, fashion-industry халықаралық деңгейдегі ынтымағы нығая түскен санаулы қалалардың бірі біздің шаһар. Шығыс киімінің өзіндік стилі мен ерекшеліктері бар. Азиялық киімдер сәнде бөлек орын алады және бұл стильдегі киім әрқашан өз тарихының сапасы, ыңғайлылығы және құндылығы үшін бағаланады. Орталық Азиядан келген дизайнерлер киімінің ерекшелігі-ұлттық киімдердің даралығы, сән үрдістерінің қызықты тұжырымдары, батыл шешімдер мен заманауи классика, осының бәрін Өзбекстан,Түркіменстан және Татарстан дизайнерлерінің коллекцияларынан көруге болады- деді Айдархан Қалиев.

Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және Қазақстаннан келген 15 жетекші дизайнер келесі көрсетілімге дейін тың идеялармен, жаңа ойлармен бөлісіп, және шығармашылық жетістіктері жайлы еркін әңгімелесті.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.