Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сұлулықтың құны қанша тұрады?

0 501

Қай кезде, қай елде болмасын қыз баласы сұлулықтың символына айналған. «Сұлулық әлемді құтқарады» деген сөздің өзі-ақ әйелдер қауымына үлкен жүк артып тұр. Табиғатынан тәні сұлу әйелдер бұл сөздің өздеріне қатысы барын біліп маңғазданады. Ал кереметтей келбеті жоқ арулар көштен қалмай қалай да сұлу болуға тырысады. Бірақ адам қолымен жасалатын сұлулық қаражатты талап ететіндігі белгілі. Бірақ қазір оған қарап жатқан әйел заты жоқ. Табиғат бермегенді ақшаға жасатып алып шыға келгенде қайран қалмау мүмкін емес.Біздің елімізде де жасанды сұлулық жасату соңғы кездері жиі көрініс алуда. Арулар бірқатары өздерінің ұнамсыз мүшесін отаның көмегімен мінсіз етіп жасап алғаны айдан анық білінеді.Қазір қысқа кірпік, жіңішке қас, ұйысқақ шаш пен жуан тырнақ сияқты дегендер ақшасы бар қыздарға қиын емес. «Табиғатынан бұйырмағанды» қолдан жасатып алады. Проблема – олардың «бояусыздық фобиясы» мен өздеріне деген сенімнің жоқтығында сияқты. Нақтырақ айтсақ өзін бояусыз еш қабылдай алмайды.Қазіргі  таңда ару қыздарымыздың  түрі бірдей болып кеткендей. Боялған қастарының пішіндері,қайқиған кірпіктері бірдей болған соң, түрлері бір-бірінен тіпті аумайды. Бұл әрбір қыздың бірегейлігін жойып тұр. Табиғат адамның түрлерін бір-біріне ұқсатпай, ерекше шеберлікпен жасайды. Табиғат қалай өрнектейді, адам сол келбетімен өмірге келеді. Әрине, қазір бет-аузыңа ештеме жолатпа деп ешкімге ештеңе айта алмайсың. Жақсын, бірақ оның да шегі бар деп ойлаймын.

Сұлу болу бояумен шектеліп қалса мейлі ғой ,оны отаға дейін жеткізетіндер бар. Сонымен қазіргі таңда  ең көп таралған пластикалық ота түрлері блефаропластика, екін­ші орында – омырау үлкейту тұр. Үшінші, төртінші орындарға smas-лифтинг пен липосакция таласады. Демек әйелдердің талғамы өзгере бастады. Есесіне еуропалық пішінмен қабақ кес­тіруге әуестер көбейді. Пышаққа түсу оңай емес. Дегенмен хас сұлуға айналуды көздейтіндер одан да қорықпайды.

Дәрігерлер бет мүшелері бөлек-бөлек қартай­май­тындықтан, кешенді түрде оны пышақпен кесіп-пішеді. Олар үлкен тәуекелге бара отырып, нәтижесі үшін түпкілікті кепілдікті ешқашан берген емес. Ал табиғаттың бір- бірімен мінсіз жалғастырып тұрған тіндері мен жасушаларын, көзге көрінбес қан тамырлары мен жүйке талшықтарын қию – денсаулыққа зия­нын бәрібір тигізбей қоймайты­нын медициналық білімі жоқ адам да ішкі түйсікпен сезеді. Тәнге түскен жазбалар азып-тозудың, азғындалудың белгісі екенін түйсінбейтініміз қалай?! Ертеде кейбір ежелгі тайпаларда қылмыскерді жазалау, масқаралау үшін денесіне сурет салатын болған. Сондай-ақ, түрмеге отырған қылмыскерлердің денесіне, не бетіне татуировка салынатыны белгілі. Ал, ислам дінінде Алланың берген денесін бүлдіріп, тәнге сурет салу харам саналады. Ендеше, бір сәт неге ойланайық.

Жасандының бәрі алдамшы. Асылы, табиғи сұлулыққа тең келер не бар дейсіз. Сондықтан, сән қумай, тән тазалығына мән берейікші бір сәт.

Нұргүл Оразбек,

Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.