Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Сүйіп есіңнен тандырайын». Әнші Нұрболат пен 2RAR бір актрисаға таласып қалды

0 2  406

Танымал әнші Нұрболат Абдуллин мен рэпер Тұрар Ыдырыс (2RAR) екеуі бір аруға таласып қалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Ол қыз анау-мынау емес, елімізге белгілі актриса Құралай Анарбекова. Видеоны ырғақты әндерімен жастардың жүрегін жаулаған әнші Тұрар (2RAR) өзінің Instagram-дағы парақшасына жүктеді.

Бейнежазбада екеуінің 33 жастағы актрисаға таласып тұрғанын байқауға болады. Бірақ олар бір-біріне қол жұмсап, күш көрсетпеді. Тек өзара тартыстарын әнмен жеткізуге тырысқан.

Бізде баттл. Кім ұтқанын жақында көресіздер, — дейді жас әнші Тұрар Ыдырыс.

Ал актриса Құралай болса екі жігітке бірдей қылмия қарап, арасында би билеп қояды. Актрисаның бұл қылығы желі оқырмандарына ұнамай қалды.

«Құралайдың орнында болсам қатыны бар еркекке жақындамас едім». «Майыспай тыныш түрмай ма?». «Қыз онша емес, түк жарасып тұрған жоқ», — деп жазды желі қолданушылары.

Бұған дейін жас әнші 2RAR өнердегі әріптесі Мирас Жүгінісовпен бірге АҚШ-та шоу-концерт қоймақ болғанын жазды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.