Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құрылыс сапасына көңіл тола ма?

0 206
«Nur Otan» партиясының облыстық және қалалық филиалдарының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері мен облыстық, қалалық мәслихаттардағы фракциясының мүшелері сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасына енгізілген жұмыстардың орындалуы бойынша бірқатар нысандарға қоғамдық бақылау жүргізді, , деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Жол картасына енгізілген көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары бойынша қазіргі уақытта 26 үйді жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық бақылау кезінде партия мүшелері Қ.Сәтбаев көшесі №18, «Мыңбұлақ» мөлтек ауданы №52 «А» мекен-жайларында орналасқан үйлердің жөндеу жұмыстарын көрді. Қ.Сәтбаев көшесіндегі №18 үйдің жертөлесін тазарту, подъездердің қабырғаларындағы ескі сылақтарды түсіру жұмыстары аяқталып, қазіргі уақытта жылу, су, кәріз құбырларын, подъездердегі электр жүйелерін ауыстыру және шатырын жабу жұмыстары басталған. Ал, «Мыңбұлақ» мөлтек ауданындағы №52 «А» үйдің жертөлесіндегі құбырларын ауыстыру жұмыстары аяқталған. Қазіргі уақытта шатырын жабу және подъездерін сылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ қоғамдық бақылау тобы жол жөндеу және №22 орта мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Жоғарыда аталған үйлердің тұрғындарымен кездесу барысында тұрғындар жөндеу жұмыстарының жүргізілуін күнделікті бақылап отырғандарын және жөндеу жұмыстарына көңілдері толатындығын жеткізді.
Қоғамдық бақылау тобы тарапынан үйлердің шатырларын жөндеу, мектеп құрылысын жүргізу бойынша мердігерлерге бірқатар ұсыныстар беріліп, аталған ұсыныстар бойынша жүргізілген жұмыстардың орындалуы қайта қаралатындығы туралы айтылды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.