Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы еліміздің ұлттық құндылықтарын дамытудың бірегей бағдаршамы деп айтуға толық негіз бар. Себебі рухани жаңғыру біз үшін өзіміздің ұлттық дәстүрлерімізге бет бұрып, ұлттық даму жолына түсу деп білемін. Жаңғыру кезінде ең алдымен біз елін, жерін, халқын шын сүйетін ұрпақ тәрбиелейміз десек, тарихи санамызды жаңғыртуымыз керек.

Жас ұрпақ алдымен осы елдің, осы кең-байтақ жердің қалай иеленгенін, қанша қан төгілгенін, мұндай даланы ата-бабаларымыз қалай сақтап қалғанын, хандарымыз бен билеріміздің қалай күрескенін білуі керек. Ішкі руханиятымыз арқылы сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге Көшбасшымыз болашақ мына бізге дара жол көрсетті. Ендеше, көкжиектен ауытқымай, Ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.

Рухани жаңғыру тұсында «Туған жер» бағдарламасының да маңыздылығы арта түседі. Қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр шертеді. Ал ел жастары олардың әрбірінен хабардар болуы тиіс. Себебі өз тарихына терең бойлай алған ұрпақ қана Отанына адал, жауапкершілігі жоғары азамат болып өседі. Сонда ғана біз ұлт болып рухани жаңғыра аламыз.

Жастардың рухы биіктеп, бәсекеге қабілеттілігі артып, өнері өрлеп, білімді, кеңпейіл жастар арасында қоғам құра алсақ, онда рухани жаңғырғанымызды еліміздің әрбір азаматы сезіне алады. Рухани жаңғырудың басты мақсаты – білім биігіне, ғибратты ғылымның шыңына шығуға бағытталды. Бұл – қалыпты өмірді қауіпті өмірге айналдырмаудың және нақты жаңғырудың қамы. Біз өскелең жас ұрпаққа озық білім мен үздік жаңалықтарды дарытсақ, жерұйықтай мемлекетке айналамыз.

Зәуреш ҚОЙГЕЛЬДИЕВА,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Филология және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған