Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ревакцинация: Түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

0 87

Бүгінде әлемді жайлаған коронавирус пандемиясына төтеп беру мақсатында вакцинациялау жұмыстары қарқын алғаны белгілі. Осы орайда шаһардағы барлық мектептерде «Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды «Комирнати» (Пфайзер, АҚШ) мРНҚ-вакцинасымен жүргізу» тақырыбында арнайы жиын өткізілді.

Басқосу барысында емханалардың бас дәрігерлері білім ордаларының мұғалімдері мен қызметкерлеріне иммундаудың қауіпсіздігі мен «Комирнати» вакцинасын сақтауға және тасымалдауға қойылатын жалпы талаптар жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ сынып жетекшілеріне ата-аналар арасында да дәл осындай жиын өткізу қажеттігі айтылды.
Айта кетейік, КВИ-ге қарсы вакцинациялауға 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер, жүкті әйелдер, босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін) лактация кезеңіндегі әйелдер жатады. Бүгінде шаһар бойынша 14 егу пункті жұмыс істеуде.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.