Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ресейдің Халық әртісі Валерий Гаркалин қайтыс болды

0 12  240

Ресейдің Халық әртісі Валерий Гаркалин 67 жасында қайтыс болды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, актер қазанда коронавируспен ауруханаға түскен. Оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланған.

Валерий Гаркалин 1954 жылы 11 сәуірде Мәскеуде дүниеге келген. 1988 жылы Ресей театр өнері институтының эстрада және бұқаралық қойылымдар факультетін тәмамдаған. Актер «Ширли-Мырли», «Детки напрокат» фильмдерінде, «Дом кувырком», «Моя прекрасная няня» сериалдарында ойнаған рөлімен танымал. Сонымен қатар, ол өзі оқыған институтта эстрада өнері кафедрасының педагогі, шеберхананың көркемдік жетекшісі болған. 2008 жылы оған «Ресей Федерациясының Халық әртісі» атағы берілді.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.