Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ресей қорғаныс министрлігі Украинадағы әскери нысандарға соққы жасалғанын хабарлады

0 339

РФ қорғаныс министрлігі Украинаның әскери инфрақұрылымын, соның ішінде әскери аэродромдарын жарамсыз еткенін жариялады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілетеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Украинаның әскери инфрақұрылымы, әуе шабуылына қарсы қорғаныс нысандары, әскери аэродромдары мен дәлдігі жоғары әскери авиациясы істен шыққан. Дегенмен Ресей күштері Украина қалаларына зымырандық әуе немесе артиллериялық соққылар жасап жатқан жоқ екенін атап өткен.

Еске салайық, Владимир Путин бұған дейін Донбасста арнайы операция өткізуге шешім қабылдағанын айтқан еді.

«Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым», – деген ол.

Сонымен қатар Ресей басшысы басты мақсат Украинаны оккупациялау емес екенін атап өткен.

Алайда 24 ақпан бейсенбінің таңертеңгі уақытынан бастап Укранинаның бірнеше қалаларында жарылыс болғаны хабарланған. Бұл қалалардың қатарында ел астанасы Киев те бар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.