Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ренжіткіміз келмеді». Павлодар облысында әкімдік аз қамтылған отбасына 2 бөлке нан сыйлаған

0 177

Көпбалалы аналар мен жалғыз басты зейнеткерлерге Павлодар ауданы Жолболды ауылы әкімі екі бөлке нан сыйлаған. Көпбалалы аналардың бірі Instagram-да ерекше сыйлық туралы айтып берді, – деп хабарлайды “Jambul-Taraz” ақпарат агенттігі Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Аз қамтылған ауыл тұрғындары Жаңа жыл мерекесіне бір күн қалғанда жергілікті биліктен нан алғаны белгілі болды. Әкімдік қызметкерлері Instagram желісіндегі ресми парақшасында фоторепортаж жариялап, сипаттамасында «Ауылдық округ әкімі көпбалалы аналарға және жалғыз тұратын зейнеткерлерге тегін нан үлестірді» деп жазған. Билік өкілдерінің сыйы алушыларды таңғалдырған және ашуландырған.

«Әкімдіктің ойынша, біз нан сатып ала алмаймыз, ал мерекеде халық тек осындай сыйлыққа лайық. Мен мұны қорлық деп санаймын», – дейді көпбалалы ана.

Бұл ретте ауыл әкімдігі ешкімді ренжіткісі де, қорлағысы да келмейтінін жеткізген.

«Әкімдікке ешкімді шақырған жоқпыз. 30 желтоқсанда демеушілерден нан алып, мамандарымыз мұқтаж жандарға жеткізіп берді. Суреттегі қоғамдық жұмыстармен айналысатын екі әйел. Біреуі көпбалалы ана, екіншісі – аз қамтылған. Оларды әдейі шақырған жоқпыз, нан бердік, болды. Бірақ бәрінен кешірім сұрадық, ешкімді ренжіткіміз келмеді», – деп түсіндірді Жолболды ауылдық округінің әкімі Хамит Ахтанов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.