Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Путинге өлім»: Мәскеу мен Санкт-Петербургте шеруге қатысқандар жаппай ұсталды

0 1  191

Мәскеу мен Санкт-Петербургте мобилизацияға қарсы көтеріліс барысында қауіпсіздік күштері мыңнан астам адамды ұстаған, наразылардың ішінде зардап шегушілер бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Настоящее время” басылымына сілтеме жасап.

Мәскеуде мобилизацияға қарсы наразылық шеруі ескі Арбатта өтті. Наразы халық «соғысқа жол жоқ!», «Путинге өлім» деп ұрандатты. Шеру басталғанға дейін кезекшілікте болған қауіпсіздік қызметкерлері дереу акцияға қатысқандарды ұстай бастады. ОМОН наразылық білдірушілерге қайтпаған жағдайда қамауға алынатындарын мәлімдеді.

Шерудің ортасында қауіпсіздік күштері наразылық білдірушілерге күш қолданып, оларды таяқшалармен қорқытты, қолдарын қайырды.

Санкт-Петербургте наразылық білдірушілер Исаак соборының және Қонақ ауласы жанында жиналды. Мобилизацияға қарсы жанның бірі әскери билетін жыртып тастады, содан кейін оны полиция ұстады. Шеруге атсалысқан журналистердің өзі қоршауға алынды. MR7 басылымы ОМОН-ның шеруге қатысушыларды аяусыз ұрып жатқаны және оларды арнайы көлікке тиеген бейнежазбаларын жариялаған.

21 қыркүйекте сағат 19:00-де Ресейдің 36 қаласында мобилизацияға қарсы наразылық шеруі өтті. Ең ірі акциялар Екатеринбург, Пермь және Уфада болды.

Естеріңізге салсақ, сол күні Ресей президенті Владимир Путин ішіанара мобилизация туралы мәлімдеме жасаған еді. Ресей халқы “Көктем» наразылық қозғалысын жариялады. Қозғалыс белсенділері ел тұрғындарын Ресей қалаларының орталық көшелеріне шығуға шақырды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.