Қалалық қоғамдық-саяси газет

Профилактикалық тексерулердің пайдасы мол

0 422

Облысымызда «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру мен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аймақ тұрғындарына профилактикалық тексерулер жүргізілуде.

Осыған орай облыстық көпсалалы ауруханасының перинаталдық орталығында ашық есік күні ұйымдастырылды. Яғни акция аясында орталық дәрігерлері, яғни неонатолог, балалар невропатологы, балалар хирургы, ультрадыбыс- тық дәрігер, психолог, лактация мамандары жасөспірімдерді тексеріп, қарап, арнайы кеңес жүргізді.
Жалпы науқастарға тағайындалған диагнозды ерте анықтау оның сәтті емделуіне үлкен ықпал жасайды. Сондықтан медицина мамандары жамбылдықтарды үнемі кәсіби тексерулер мен скринингтерден өтуге шақырады.
Скрининг – бұл ең көп таралған ауруларды уақытылы диагностикалау үшін жынысына қарамастан кез келген жастағы сау адамдарды физикалық тексеру.
Скринингтердің көмегімен артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабетін, глаукоманы, жатыр мойны обырын, сүт безі обырын, колоректальды обыр-ды, В және С вирустық гепатиттерін ерте кезеңде анықтауға болады.
18 жасқа дейінгі балалар кәсіби тексеруден өтуге құқылы. Ол баланың психофизикалық, жыныстық дамуының денсаулық жағдайын бағалауды, дәрігерге дейінгі тексеруді ескере отырып, зорлық-зомбылық белгілерін анықтауды қамтиды. Патологиялық өзгерістер анықталған жағдайда бейінді маманға қосымша тексерілуге жіберіледі.
Скринингтен өту үшін тіркелген жері бойынша емханаға жүгіну қажет. Учаскелік дәрігер (Жалпы практика дәрігері) тексеру мен талдауға жолдама береді.
Профилактикалық тексерулерді қаржыландыру МӘМС қаражаты есебінен жүзеге асырылады, сондықтан скринингтен өту үшін сақтандыру мәртебесі болуы тиіс.
Жүргізілген скринингтік зерттеу нәтижелері бойынша пациенттер көрсеткіштерге байланысты қосымша тексеруге және мамандардың консультациясына жіберіледі, ал қажет болған жағдайда тиісті ем тағайындалады.
Халықтың мақсатты топтарын профилактикалық медициналық тексеру – бұл ауруларды бастап-қы кезеңде анықтауға және аурулардың туындауына жағдай жасайтын аурулардың, қауіп факторларының дамуын ескертуге, халықтың денсаулығын қалыптастыруға және нығайтуға жағдай жасайтын скринингтік тексерулер.
Скринингтік тексерулер кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында жүргізіледі.
Ересек халықтың скринингтік тексерулері төмендегілерді ерте анықтауға және ескертуге бағытталған:
– қан айналымы жүйелерінің негізгі аурулары – артериалды гипертония, жүректің ишемиялық аурулары;
– ерлер және әйелдер арасындағы қант диабеті;
– әйелдер арасындағы жатыр мойнының ісікті, қатерлі ауруларының пайда болуы;
– әйелдер арасындағы сүт бездерінің ісікті, қатерлі аурулары;
– ерлер және әйелдер арасындағы су қараңғылық;
– ерлер және әйелдер арасындағы тік және аш ішектегі ісіктің пайда болуы.
Балаларға скринингтік тексерулер аурулардың профилактикасына, ерте анықтау- ға және ауруларды ескертуге бағытталған, олардың дамуы өмірдің әртүрлі кезеңдеріндегі, соның ішінде жасөспірім кезеңде анатомиялық-физиологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты ауруларды ерте анықтауға және ескертуге, алдын алуға бағытталған.
Мектеп жасына дейінгі балаларды, оқушыларды және орта арнайы және жоғары оқу орындарындағы 18 жасқа дейінгі балаларды скринингтік тексерулерді емхана мамандары балабақшаларда және мектептерде жүргізіледі.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға скринингтік тексерулер тіркелу орны бойынша емханаларда жүргізіледі.
Балалар үйінде, мектеп-интернаттарда, мамандандырылған интернаттарда, жасөспірімдер үйінде болатын балалар скринигтік тексерулерден жылына екі рет өтеді.
Үштен төрт айға дейінгі жастағы балаларға көрсеткіштер бойынша жамбас буындарына және туа біткен ұршық шығу дисплазиясын ерте анықтау мақсатымен ультрадыбыстық зерттеу жүргізеді.
Скринигтік тексерулер барысында анықталған созылмалы аурулары бар адамдар және/немесе жекелеген асқынған аурулармен ауыратын адамдар диспансерлік есепке және соңыра сауықтырумен диспансерлік есепке алуға және денсаулықты нығайтуға және қалпына келтіруге бағытталған, әлеуметтік, дене шынықтыру, сауықтыру іс-щараларының кешенін жүргізумен динамикалық қадаға- лауға жатады.
2022 жылдың 15 қарашасына жоспарланған 88 864 тұлғаның бүгінде 57 433-і тексеруден өтіп, ол 64,6 пайызды құрап отыр. Ал аурушаңдық 2 138 адамнан анықталған, ол 3,7 пайызды құрайды.
Тұрақты профилактикалық тексерулер емделушілерді уақытылы диагностикалау үшін өте маңызды. Профилактикалық тексерулерді қаржыландыру медициналық әлеуметтік сақтандыру қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Профилактикалық тексерулердің көмегімен артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабетін, глаукоманы, жатыр мойны обырын, сүт безі обырын, колоректальды обырды, В және С вирустық гепатиттерін ерте кезеңде анықтауға болады.
Науқастарға тағайындалған диагнозды ерте анықтау оның сәтті емделуіне үлкен ықпал жасайды. Олай болса, нау- қанды пайдалана отырып, өз тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша тіркелген емханаңыз- дан профилактикалық тексеруінен өтіңіз. Ауырғаннан гөрі оның алдын алайық!
Алдағы уақытта облыс тұрғындарына медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында мұндай іс-шараларды тұрақты негізде өткізу жоспарлануда.

Хамит Мырзақасымов,
облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.