Қалалық қоғамдық-саяси газет

Польша-Беларусь шекарасы жабылуы мүмкін

0 12  726

Польша миграциялық дағдарысқа байланысты Беларусьпен шекараны жабатынын жоққа шығармады. Бұл туралы Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий Таллинде Эстония премьер-министрі Кая Калласпен кездесуден кейін айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір Польша тек бір ғана «Кузница» автожол бекетін жапты.

«Біз барған сайын күрделі экономикалық санкциялар сипатындағы қадамдар туралы, соның ішінде Польша-Беларусь шекарасын Польша жағынан жабуды ойлаймыз», – деді Моравецки.

«Біз бұл эскалация қадамын, яғни жаңа өткелдерді жабуды, транзиттік және сауда мүмкіндіктерін жабуды Лукашенко режиміне экономикалық қысым көрсету үшін пайдалануға дайынбыз», – деп қосты ол.

Сонымен бірге, Польша премьер-министрі Беларусь билігі мигранттарды үйлеріне қайтару арқылы дағдарысты шешеді деп үміттенеді. «Біз Лукашенкоға (Беларусь президенті Александр Лукашенко) бір қадам артқа шегінуге және мигранттарды туған елдеріне қайтаруға мүмкіндік бергіміз келеді», – деді ол.

Еске салайық, Беларусьтің Польша, Литва және Латвиямен шекарасындағы миграциялық дағдарыс соңғы бірнеше аптада күрт ушығып кетті. Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (БҰҰ БЖКБ) өтінішіне қарамастан, поляк әскерилері көрші Беларусьтен Польшаға кіретін Таяу Шығыс пен Ауғанстаннан заңсыз мигранттармен күресу үшін тікенек сымдар орнатуға шешім қабылдады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.