Қалалық қоғамдық-саяси газет

Полицейлер көшеге шыққанның бәріне күш қолданып жатыр ма?

0 283

Ғаламторда Атырау қаласында «Динамо» спорт залын митингіге қатысқандарды ұрып-соғатын жерге айналдырғаны туралы хабарлама таралып жатыр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері соққыға жыққандардың арасында блогерлер, азаматтық белсенділер және қарапайым тұрғындар бар екен. Атырау облысының комендатурасының мәліметінше, бұл ақпарат – фейк.

«Атырау облысының комендатурасы әлеуметтік желілерде «Динамо» спорт кешенінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан азаматтарды ұрып-соғу туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды. Жақындарын немесе туыстарын жоғалтқан адамдардан 102 операторына немесе 98-10-04 нөмірі бойынша хабарласуларын сұраймыз», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Атырау облысы Полиция департаменті тұрғындарға жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.