Қалалық қоғамдық-саяси газет

Полицейлер 1 жылқыны 360 мың теңгеге бағалады

0 545

Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде Тұрар  Рысқұлов ауданының 47 жастағы тұрғыны полиция бөліміне  арызданған. Жайылымнан белгісіз тұлғалар оның бір жылқысын жасырын ұрлап, сол арқылы 360 000 теңге көлемінде   материалдық шығын келтірген.

Жедел-іздестіру  іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері Тараз қаласының 26 жастағы тұрғынын  мал ұрлады деген  күдікпен ұстады.

Аталған дерекке қатысты  Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің  188-1-бабы 2-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары  басталды.

Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінде  аталған қылмысты жасағаны үшін  мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі  жаза көзделген.

Жамбыл облысының Полиция департаменті  тұрғындарға өздерінің  шаруашылықтарындағы малдың сақталуына бақылауды күшейтіп, азаматтарды малдарының  қараусыз  жайылуына  жол бермеуге шақырады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.