Қалалық қоғамдық-саяси газет

Пойыздар машинистсіз-ақ өздері жүреді

0 2  062

Адамның басқаруынсыз жүретін пойыздар 2023 жылы дайын болады. «Ресей темір жолдары» компаниясы кабинада машинистің болуын қажет етпейтін электропойыздар қозғалысын автоматтандырудың төртінші, максималды деңгейін сынақтан өткізуге көшті.

Мұндай пойыздар толық автоматты түрде немесе қашықтан басқарушы-оператормен басқарылады. Бұл туралы «Ведомости» басылымына Ресейдің Теміржол көлігіндегі ақпараттандыру, автоматтандыру және байланыс ғылыми-зерттеу институты  бас директорының орынбасары Павел Попов айтты. Aikyn.kz осы материалға сілтеме жасай отырып, болашақта машинистсіз пойыздарды басқару жүйесі туралы хабарлайды.

Рисунок2
Тексерудің бірнеше сатысынан өткен ресейлік жүйе – заттар мен кедергілерді танудан бастап, жолда ықтимал қауіпті объектіні адамға қарағанда тезірек анықтай алады. Фото Getty Images сайтынан алынды

Жасанды интеллект жүйесіне негізделген борттық техникалық көру УА-3 деңгейінде енгізілуде, соның арқасында машинист көбірек еркіндікке ие болып, жолдағы жағдайды жақсы басқарады.

УА-3 жүйесіндегі пойыздар әртүрлі интеллектуалды элементтермен жабдықталады, соның бірі – техникалық көру жүйесі. Тексерудің бірнеше сатысынан өткен күрделі жүйе – заттар мен кедергілерді танудан бастап, жолда ықтимал қауіпті объектіні адамға қарағанда тезірек анықтай алады.

Поповтың пікірінше, жүйенің реакциясы эксперименттік түрде анықталған. Бірақ зерттеу кезінде қашықтыққа қоса, ауа райы, тұман мен жауын, тәулік мезгілі және жаяу жүргіншіде, автомобильде немесе кез келген басқа объектіде шағылыстыратын жабдықтардың болуы ескерілген.

Рисунок3
Зерттеу кезінде ауа райы, тұман мен жауын, тәулік мезгілі жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлы сапарлауына әсер етпеуі ескерілген. Фото Getty Images сайтынан алынды

Арнайы полигонда машинистің күндіз 600-800 м қашықтықта, түнде 300-400 м қашықтықта не көретіні анықталды. Түнгі магистральде көру пойыз прожекторының жұмысымен шектелетіні белгілі.

Теміржол рельсіндегі кедергілерді анықтау да объектінің өлшеміне байланысты: егер жаяу жүргінші рельсте отырса, күндіз ол 500 метр, ал жатса 200 метр қашықтықта көрінеді. Сондай-ақ объектілерді анықтауға 10 манекенді (адам, кішкентай және ірі жануар, мотоцикл жүргізушісі, велошабандоз) әртүрлі ауа райында сынап көрген.

Бүгінде  УА-3 көру жүйелері 600-750 метр қашықтықтағы объектілерді тануға қабілетті және бұл қашықтықты 1 шақырымға дейін ұлғайту жұмысы басталды.

Рисунок4
Ресейлік мамандар УА-4 электр пойызын автоматтандыру бойынша жұмыс істеп жатыр. Пойызды басқару машинист қатысуынсыз толық автоматты режимде жүзеге асырылады. Фото Getty Images сайтынан алынды

Қазір ресейлік теміржол көлігіндегі зерттеу институты УА-4 электр пойызын автоматтандыру бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұл деңгейде пойызды басқару машинист  қатысуынсыз толық автоматты режимде жүзеге асырылады.

УА-4 ерекшелігі – әдетте жүргізуші қолмен басқаратын барлық электр, тежеу ​​жүйесі және басқа блоктар автоматты түрде немесе қашықтан басқарылуы керек. Бір машинист-оператор қашықтан 4 пойыздың жұмысын басқарады және төтенше жағдайда олардың кез келгенін бақылауға алады.

Оның жұмыс орны да пойыз кабинасына ұқсайды, оған барлық камералардан бейне және барлық сенсорлардың көрсеткіштері жіберіледі. Ыңғайлы болу үшін басқару панеліндегі ауыстырып қосқыштар түймелерге ауыстырылды. Мұндай басқару кеңседегі жұмыс орнын көбірек еске түсіреді.

Рисунок5
Пойызды платформаға дәл тоқтататын жоғары дәлдіктегі позициялау жүйесі, жолаушы вагонға кіріп үлгермеген кезде пойыздың жүруіне жол бермейтін қауіпсіздік элементтері бар. Фото Getty Images сайтынан алынды

Машинистсіз жүйеде пойызды дәл жолаушыларға ыңғайлы етіп платформаның жанында тоқтатуға мүмкіндік беретін жоғары дәлдіктегі позициялау жүйесі, жолаушы вагонға кіріп үлгермеген кезде пойыздың жүруіне жол бермейтін қауіпсіздік жүйесі жасалды.

Жол үстіндегі пойызда өрт шықса машинист-оператор оны дер кезінде анықтап, шешім қабылдайды. Мысалы, өрт сөндіру және басқа да жедел қызметтерді шақырады, адамдарды дереу түсіру немесе перронға апарып түсіру туралы шешімдер қабылдайды.

Рисунок6
Теміржол компаниясы үшін ең маңыздысы – адамсыз жүйелердің экономикалық тиімділігі деп саналады. Көлік бизнесін тасымалдау құнының төмендігі қызықтырады. Фото Getty Images сайтынан алынды

Пойыздарды машинистсіз режимде басқаратын интеллектуалды жүйелерін және көру жүйелерін жасау әлемнің әртүрлі елдерінде жүргізілуде. Дубайдағы метро пойыздары машинистсіз жүргізіледі.

Автоматтандырудың төртінші деңгейінде жұмыс істейтін пойыздар Батыс Аустралияда Рио Тинто компаниясында бар. Компанияда 50-ге дейін ауыр жүк пойыздары адамның басқаруынсыз жүреді. Бір мезгілде 240 вагон мен екі-үш локомотив кіретін әр жүк пойызының ұзындығы 2,4 шақырым, салмағы 28 мың тонна.

Пойыздар Рио Тинтоның 16 шахтасынан кенді Дампьер мен Ламберт мүйісіндегі порттарға тасиды. Пойыздар шахта мен порт арасындағы 800 шақырым жолды 40 сағатта жүреді. Пойыз вагондарын тиеу және түсіру автоматты түрде жүзеге асырылады. Машинист пойызды порттың территориясында ғана жүргізеді.

Рисунок7
Пойыздарды басқаратын интеллектуалды жүйелер мен көру жүйелерін жасау әлемнің әртүрлі елдерінде жүргізілуде. Дубайдағы метро машинистсіз жүреді. Фото Getty Images сайтынан алынды

Машинистсіз пойыздарды пайдаланудың екі негізге себебі бар. Біріншіден, олар тасымалдау процесінің қауіпсіздігін арттырады, штаттық қызметкерлерді азайтады және қаражатты үнемдейді. Екіншіден, автоматты басқару жүйесін қолданғанда теміржолдың өткізу қабілеттілігі 10-30%-ға дейін артады.

Теміржол компаниясы үшін ең маңыздысы – адамсыз жүйелердің экономикалық тиімділігі деп саналады. Көлік бизнесін автоматты басқарылатын көліктердің тасымалдау құнының төмендігі қызықтырады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.