Қалалық қоғамдық-саяси газет

Пермь университетіндегі атыс: БАҚ атыс шығарған жас жігіттің аяғын ампутациялады деп хабарлады

0 187

Пермь мемлекеттік университетінде оқ жаудырғаннан кейін ұсталған жас жігіт жарақат алған. Студенттің аяғына тағы бір ота жасалып, аяғын ампутациялаған,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Жігіт есін жимаған, оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Baza Telegram-арнасы Бекмансуровтың жансақтаудан палатаға ауыстырылғаны хабарланған.»Дәрігерлердің пікірінше, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, алайда жағдайы кенеттен нашарлаған. Тимур әлі есін жиған жоқ, ол Жасанды өкпені желдету аппаратына қосылған», – делінген хабарламада.

Артында екі жастағы қызы қалды: Оралды дүр сілкіндірген 21 жастағы қыздың өліміне қатысты деректер анықталды

Бекмансұровтың көптеген ауыр жарақатына байланысты бүйрек жеткіліксіздігі болуы мүмкін, деп жазады Telegram арнасы.

Айта кетсек, Пермь мемлекеттік университетінің бірінші курс студенті өзі оқитын білім ордасына қару әкеліп, адамдарға оқ жаудырған. Салдарынан алты адам көз жұмып (бұған дейін 6 адамның қаза болғаны айтылған еді), тағы 24-і жарақат алды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.