Қалалық қоғамдық-саяси газет

Павлодарлық әйел көңілдесі үшін баласын тастап кеткен

0 2  416

Павлодар облысында тұратын әйел жаңа көңілдесі үшін баласын тастап кеткен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға туралы Павлодар облысы Баянауыл ауданының полиция департаменті баяндап берді.

«Бірнеше күн бұрын бізге Лекер ауылының тұрғыны жолықты. Ол келіні бір жарым жасар баласын тастап, өзі кетіп қалғанын айтты. Анасы үш айдан бері баласын іздеп келмеген. Полиция қызметкерлері сәбидің анасын іздеп тапты. Оның өзге ауылға көшіп, басқа ер адаммен тұрып жатқаны анықталды», – дейді полиция бастығы Талғат Садықов.

Полицейлер ҚР ӘҚБК 127-бабының 1-бөлігі бойынша баланың анасына қатысты әкімшілік материал қозғады.

Сонымен қатар қамқоршылық органдары да осы мәселемен айналысып жатыр. Себебі әжесі немересінің жағдайына алаңдағандықтан заңды түрде қамқоршысы болғанын қалайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.