Қалалық қоғамдық-саяси газет

Партия мүшелері арасында ұлттық ойындардан турнир өтті

0 2  473

«AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалы «Бәйтерек» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен мақсатты трансфертті пайдалана отырып, «Ұлттық мұра» жобасы аясында партия мүшелері арасында ұлттық ойындардан турнир өтті.

Турнирді ҚР Әнұранымен бастап, бастауыш партия ұйымның төрағасы Мұрат Бердалиев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнирге қатысқан 6 топ кезең-кезеңімен ережеге сәйкес, арқан тарту, асық ату, қол күрес, бұқа тартыс бойынша бақ сынасты.

Сондай-ақ турнирге партия Тараз қалалық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі М.Таңатарова қатысып, партияның жаңғырту аясында бірқатар жұмыстар қолға алынуда. Соның бірі бастауыш партия ұйымдарына жарнаның 20%-ын мақсатты трансферт ретінде қайтару. Бұл өз кезегінде партияның негізі болып табылатын бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыруға және партиялық жобаларды жүзеге асыруға өзіндік серпін береді, Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, насихаттау партияның негізгі бағыттарының бірі
-деп өз сөзінде айта кетті.

Турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, кубокпен, медельдармен және арнайы мадактама қағаздарымен марапатталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.