Қалалық қоғамдық-саяси газет

Отбасылық интеллектуалды ойын

0 339

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 10 қыркүйек күні отбасы апталығына орай жас отбасылар арасында «Брейн-Ринг» атты интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.

Іс-шараны Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыру секторының қызметкерлері өткізді. Ойынға 5 отбасы қатысып, Құрманалиевтер отбасы жеңіске жетті.
Іс-шара жас отбасылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және бірлесе жұмыс істеуге жұмылдыру, сонымен қатар жан-жақты ойлауын, ізденуін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын арттыру мақсатымен ұйымдастырылды.

«Брейн-Ринг» ойыны 3 кезеңнен өтті. Әр кезеңде 10 сұрақтан қойылды. Әрбір отбасы өз жауаптарын алдындағы параққа жазып, төрешіге беріп отырды. Әр сұраққа 1 минут уақыттан берілді, 1 минуттан кешіккен отбасылардың жауаптары қабылданбады. Әр турда әртүрлі ғылым салаларынан сұрақтар қойылып, командалар жауап береді. Дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Жеңіс соңында төреші әр отбасының балын анықтады. Ойын соңында Құрманалиевтер отбасы мен «Бақытты отбасы» командасы бірдей балл жинап, тең түсті. Орынды анықтау барысында теңдей түскен екі отбасыға көрермендер арасынан сұрақ қойылды. Бұл сұраққа да «Брейн-Ринг» ойынының шарты бойынша 1 минутта жауап берді. Дұрыс жауап берген Құрманалиевтер отбасы жеңіске жетті. Төрешінің қорытындысы шыққанша, Медеу Мырзатай домбырамен жас отбасыларға өз арнауын тарту етті.

Интелектуалды ойынға қатысқан отбасыларға Алғыс хаттар мен тұрмыстық сыйлықтар берілді. Отбасылар алдағы уақытта осындай сайыстардан қалмай қатысып жүретінін айтып өтті. Ойын соңында қатысушылар естелік суретке түсті. Аталған іс-шара жайлы бейнеролик түсіріліп, @taraz_jastary «Инстаграм» әлеуметтік парақшасына салынып, 180 қаралым жинады.

Таңшолпан Тұрдалы,
Тараз қалалық «Жастар ресурстық
орталығы» КММ ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.