Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына»

0 322

Отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» облыстық байқауы өтті.
Байқау «Отбасындағы бір күн», «Білгенге маржан», «Дәм-думан»,
«Өнерлінің өрісі кең» кезеңдері бойынша өткізілді.
Байқауда Жамбыл облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының қызметкері – Ә.Бұлтбаева, 2023 жылғы отбасылық байқаудың жеңімпазы – Ү.Анарбаева және кітапхананың директор орынбасары – Ж.Турлыгулова қазылық етті.
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Есенамановтар отбасы (Жуалы ауданы), І-ші орынды Сарманбековтер отбасы (Байзақ ауданы), ІІ-орынды Арықбаевтар отбасы (Жамбыл ауданы), ІІІ-орынды Сұлтанбековтер отбасы (Қордай ауданы) иеленді. Қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Іс-шара соңында «Отбасы – бақыт мекені» кітап көрмесі библиографиялық шолу жасалды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.