Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қорғау қызметінің дайындығы пысықталды

0 140

Әлемдегі ең қауіпті мамандықтың бірі – өрт сөндіру қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық ерекше қажыр-қайрат пен шыдамдылықты талап етеді. Олар жазғы аптап пен қысқы қытымыр шақта сәл нәрседен тұтанып, бой бермейтін тілсіз жаудың жолын кесіп, қауіптің алдын алу үшін уақытпен санаспай еңбек етеді. Басын қатерге тіге отырып, тәуекелден тайқымайтын жауынгерлердің бейбіт күндегі батырлығы әрқашан құрметке лайық.

Бұл тұрғыдан келгенде, өртке қарсы қызметтің жауынгерлері төтенше жағдай кезінде түрлі жағдайларға сақадай сай болуы үшін кәсіби біліктілігін үнемі шыңдап отырады. Әсіресе тілсіз жау тосыннан тұтанғанда алдыңғы шепте жүретін Газ-түтіннен қорғау қызметінің іс-қимылы барынша жөнге салынуы маңызды. Бұл мақсатта арнайы оқу-жаттығу жиындарының берері мол.
Газ-түтіннен қорғау қызметі – өрт сөндірушілер үшін ажырамас және маңызды қызмет. Олардың негізгі жұмысы өрт сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істеумен тікелей байланысты.
Осыған орай газ-түтіннен қорғаушыларды дене және психолигиялық даярлау мақсатында Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің газ-түтіннен қорғаушыларды оқытудың 2022 жылға арналған жоспар-кестесіне сәйкес ай сайын сығылған ауадағы тыныс алу аппараттарында таза ауада сабақтар өткізіледі.
Аталмыш жоспарлы жиынның бірі Тараз қаласындағы өрт сөндіру бөлімшелерінің бірінде ұйымдастырылды. Онда газ-түтіннен қорғаушылармен тиісті сабақтар өткізілді. Сабақтардың нәтижесінде бөлімшелердің газ-түтіннен қорғаушылары өз кәсібиліктерін тәжірибеде тағы да көрсетті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.