Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Open spaсe» – ашықтық кепілі

0 174

Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен әкімдіктер жаңа форматта жұмыс істеуге көшкен. Соның негізінде облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында «Open spaсe» форматындағы кеңсе ашылды.

Дәрмен ЕРБОЛОВ

Бүгінде атқарушы билік өкілдері мен тұрғындардың арасында байланыс нығайып келеді. Оған себеп, облыс бойынша барлық аудандарда «Сервистік әкімдік» жобасы аясында мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелер бір жерге шоғырланып, азаматтарға қолайлы жағдай жасалып отыр. Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында ашылған кеңсеге Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев барып, жұмыс барысымен танысып қайтты.

«Open spaсe» форматындағы кеңселер басқарма басшысы Жорабек Баубеков пен орынбасарларының ашық жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп отыр. Алдағы уақытта басқармаға қарасты мекемелер де ашық жұмыс істеуге көшпек. Мұнда тек кеңселердің ашықтығы ғана емес, жалпы жұмыс барысының ашықтығы сақталады.

– Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, мемлекеттік органдар ашық жұмыс істесе, халық пен билік арасында байланыс орнатуда оң ықпал етеді. Бағдарламаның бірінші кезеңі бойынша басқармаларды ашық жұмыс істеуге шақырсақ, екінші кезеңде бюджеттің ашықтығына жоғары мән берілуде. Бұл бойынша агенттік «Ашық бюджеттер интерактивті картасы» жобасы аясында жұмыстар атқарды. Қазіргі таңда облыстың барлық 1047 мекемесі бюджеттің есебін publicbudget.kz сайтында нақты көрсеткен, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Қуанышбайұлы.

Бірер жылдың ішінде осы бағытта қыруар жұмыстар атқарылды. Енді тұрғындардың кез келген уақытта әкімдіктер мен мекемелерге келіп, барлық сұрақтарына жауап алуына жағдай жасалды. Айта кету керек, осымен облыста «Open spaсe» форматында жұмыс істейтін кеңселердің саны елуге жетті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.