Қалалық қоғамдық-саяси газет

Омикрон штамы әлемнің 23 елінде тіркелді

0 69

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустың омикрон штамы 23 елде табылғанын мәлім етті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«ДДСҰ-ның бес аймағындағы 23 ел жаңа штамның тіркелгенін туралы хабарлады. Олардың саны арта түседі», – деді ұйым басшысы.

Ұйым мәліметінше, омикронның жұғу деңгейі туралы қосымша деректер алдағы күндері жарияланады.

«Бұл жаңа нұсқаның қандай екенін енді ғана түсініп жатырмыз. Бізде вирус жайлы толық ақпарат жоқ, оның жұғу деңгейі өте жоғары», – деді ДДСҰ төтенше жағдайлар бөлімінің техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керхове.

Оның айтуынша, ДДСҰ қазір пандемия дамуының бірнеше сценарийін қарастыруда. Болжам бойынша жаңа штамм «дельтадан» да жұқпалы әрі қауіпті болуы мүмкін.

Еске салсақ, Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап шектеу шаралары енгізілетіні айтылған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.