Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қолынан ұстап көрмеппін». Қыдырәлі Қарақатпен қалай танысқанын айтты (видео)

0 469

Әнші әлеуметтік желіде жұбайымен қалай танысқанын баяндады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Exk.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыдырәлі Болманов өзінің Instagram-дағы парақшасында «Ұят болмасын» бағдарламасынан үзінді жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

«Ұят болмасын бағдарламасы естеріңізде ме? Терме тыңдайық! Таныдыңыз ба? Қарақатыммен қалай танысқанымды, 3-4 жыл қасыма қарындасымдай ертіп, (жетектеп жүрсем де қолынан ұстап көрмеппін сол кезде ) небір сахналарға шығарып,бапкері сияқты болғанымды, тек 4 жылдан кейін, Алматыда тәрбиелеген Қымбат апамызды Көк төбеге қонаққа шақырып, үйленсем деген ниет білдіріп, рұқсат, батасын сұрап, ата-анасының алдынан өтуге ақыл сұрағанымды кеңінен жазуға уақыт тығыз болып тұр», — деп жазды ол.

Бағдарламаға қонақ боп келген бойжеткен Қарақат үлкендерге терме орындап берді.

«Қысқаша, Советтер уақытында ауыл-ауылдан таланттар іздейтін комиисия Қарақатты 13 жасында ауылдан тауып, Алматыға әкелды. Қарақатты1990 жылы дарынды балаларға арналған Күләш Байсейітова музыкалық колледжіне қабылдайды. Шебер Алла, мен оны білмесем де, сол жылдары мені де Т. Жүргенов атындағы театр және өнер институтының 3-курсына бірден қабылдайды. Сонда Алланың қалауымен бір уақытта келіп тұрмыз ғой Алматыға! О, қиыннан қиыстыратын шебер Алла», — деді өнер жұлдызы.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.