Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қолдауға шақырды

0 227

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау білдіру мақсатында бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумы өтті.

Аяулым БАҚЫТ

Форумда партия мүшелері «Nur Otan» партиясы атынан ұсынылған кандидаттың сайлауалды бағдарламасын облыстың әрбір тұрғынына жеткізудің маңыздылығын сөз етті. Бұл бағдарлама «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деп аталатын үш блоктан тұрады. Бастауыш партия ұйымдары Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына жан-жақты көмек көрсетуге әзір екенін жеткізді.

– Бастауыш партия ұйымдары партияның саясаты мен стратегиялық тапсырмаларын орындап, серіктестерді біріктіріп, біздің жақтастарымызды көбейтеді. Олардың белсенділігі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде, сайлауалды бағдарламаны түсіндіруде қажет, – деді облыстық қоғамдық штабының басшысы Шәбден Тілеумұрат.
Форум жұмысына қатысқан «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Өрлеу» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлшат Медетбекова, Жуалы аудандық «Орталық» филиалының төрағасы Руслан Сайлаубаев, Жамбыл аудандық филиалы жанындағы «Жетітөбе» бастауыш партия ұйымының төрағасы Самал Байкеева, Талас аудандық «Қаратау» филиалының төрағасы Бағлан Сұлтанбек өз ұсыныстарын ортаға салды. Олардың барлығы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі болып табылады.

Жиынды қорытындылаған облыстық қоғамдық штабы басшысының орынбасары Сембек Сейдәзімов барлық нұротандықтарды салмағы зор саяси науқаннан шет қалмай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын бірге жүргізуге атсалысуға шақырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.