Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қойшыбеков көшесіндегі жол құрылысы аяқталды

0 764

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында автомобиль жолдарының құрылысына, оның ішінде жергілікті жерлердің сапасына айрықша мән берілді.

Осыған орай, Тараз қаласында соңғы бірер жылдың бедерінде жол жөндеу жұмыстарына ерекше екпін түсірілуде. Бұл бағытта облыс орталығында қолға алынған ілкімді істер көңіл қуантады.
Айталық, осыдан біраз уақыт бұрын М.Қойшыбеков көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары басталған болатын. Ы.Сүлейменов көшесінен бастап «Бурыл» алқабы, «Ұлы дала» (15) ықшамауданының аумақтарын жалғайтын жолдың ұзындығы 806 метрді құрайды. Ал ені 14 метрге кеңейтілуде.
Қазіргі таңда мұнда «Шалқар Бастау» ЖШС мердігерлігімен жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков аталған нысанға арнайы барып, жол сапасымен танысты.
Енді осы жол арқылы аумақтағы көлік кептелісі азайып, тұрғындардың емін-еркін қатынауына мүмкіндік тумақ.

Қарақат Пәрімбек,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Конвергентті журналистика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.