Қалалық қоғамдық-саяси газет

Оқулықтағы олқылық

0 484

Тиым салынған заттарды жасырын түрде темір тордың ар жағына өткізуге ниеттенгендердің саны азаймай тұр. Бүгінгідей қарыштап дамыған заманда әккі іске баратындардың қулығы мен әдісі де әр алуан. Соған қарамастан құйтырқы тірлік әшкереленіп, заңсыздықтың жолы кесілді. Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде құқықбұзушылық анықталса, жазасын өтеушіге сәлем-сауқат арқылы қатаң тиым салынған заттарды жөнелтпек болған. Бұл жолы тосынсый кәдімгі кітаптан шықты. Жедел тобының жіті тінту жұмыстары барысында 4 бірдей ұялы телефон, оның 2 дана смартфон 2 дана жай байланыс құралы, сондай-ақ қуаттағыш, 2 дана құлаққап және қуаткөзі табылды. Барлығын «Бегущий в лабиринте» шығармасын ойып ішіне салып, бандерольді «Қазпошта» АҚ арқылы көршілес Түркістан облысы Шардара қаласының тұрғыны жолдаған. Қазіргі таңда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес 481 бап бойынша материал жинақталып, іс әкімшілік сотқа жолданды. Заңға кереғар айласын асырмақ болғандар тиісті айыппұлдан қашып құтыла алмайды.

Гаухар Рысбай
ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз хатшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.