Қалалық қоғамдық-саяси газет

Назарбаев Қазақстанды гүлденген мемлекет деп атады

0 583

«Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық форумы барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде біз бабалар арманын ақиқатқа айналдырып, гүлденген мемлекет құрдық» деді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Назарбаевтың айтуынша, бүгінде еліміздің алдында әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру бойынша ауқымды міндеттер тұр. Осы мақсатқа жету жолында ел жастарына жауапкершілік жүктеді.

«Осы мақсатқа жол ашатын және қазіргіден мүлде басқа заманда барлық сынақтар мен қауіп-қатерлерді еңсере отырып өмір сүретін – Қазақстан жастары. Мен солай болатынына сенімдімін, өйткені сіздер – қазақстандықтардың жас ұрпағы – жеке табыс пен ортақ гүлденуге тек өз еліңіздің өміріне белсенді қатысу арқылы қол жеткізуге болатынын нақты түсінесіздер», – деп баса айтты еліміздің экс-президенті.

Назарбаев атап өткендей, ұлттық құндылықтар, өзара көмек, толеранттылық, бірлік сияқты бағыт-бағдар жастарды және бүкіл заманауи қазақстандық қоғамды біріктіреді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.