Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нан өндіретін комбинаттар мен ірі сауда желілерінің жұмысы жанданды

0 566

Алматы қаласы аумағында 3 ірі нан зауыты – «Ақсайнан», «Алматынан» және «Рузинанан» нан-тоқаш комбинаттарының жұмысы жанданды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл кәсіпорындар күніне шамамен 80 тонна нан шығарады. Өнім бағасы бұрынғыдай қалатыны белгілі болды. Ақсайнан – 80 теңге/бөлке, Алматынан – 85 теңге/бөлке. Қала халқын маңызды өнімдермен қамтамасыз ету жолға қойылып жатыр», – делінген штаб хабарламасында.

Бүгін қалада барлық ірі сауда желісінің (Магнум, Смолл, Тоймарт, Метро, Юбилейный, Столичный, Маймарт, Галмарт, JLC және Асыл Ет), сондай-ақ, «У дома» дүкендерінің жұмысы қайта жанданды.

Сондай-ақ, Алматы қаласы мен өзге де өңірлердегі өндірушілердің азық-түлік жеткізу арналары қалпына келтірілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.