Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы – жаңа мүмкіндік

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 1 қыркүйегіне орындалу барысы

0 331

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылдың 1 қыркүйегіне жұмыс сұрап өтініш білдіргендердің саны – 2 706, оның ішінен 2 225 ауыл тұрғындары.
2021 жылдың 1 қыркүйегіне белсенді шаралармен қамтылған азаматтардың саны 2859 (тұрақты жұмыспен – 872; қоғамдық жұмысқа – 1051; жастар тәжірибесі бойынша – 105; әлеуметтік жұмыс орындары – 97, мемлекеттік қайтарымсыз грант – 300; «бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 347; шағын несие алғандар 37).
2021 жылдың 1 қыркүйегіне Бірінші бағыт: Қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша: Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша жылдық жоспар 50 адам. Оқу Жаңатас көпсалалы колледжіне электрондық-есептеу машиналарын баптаушысына 15 адам және минералды талдау зертханашы мамандығына 15 адам, Тараз қаласындағы «Eco Block» ЖШС-да электргазбендәнекерлеушіге 10 адам және «Бағыт Тараз» ЖШС-да нан пісірушіге 10 адам оқыту жоспарланған. Бүгінгі күнге 50 азамат оқуларын аяқтады. Тұрақты жұмыспен қамтылғандар -15 азамат. Қаралған қаржы 9 895,0 мың теңге, игерілгені қаржы 9 806,0 мың теңге.
Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша:
2021 жылдың 1 қыркүйегіне ауылдық жерлерге 30 азаматқа шағын несие беру жоспарланып отыр, қаралған қаржы 131 000,0 мың теңге (Жаңатас қаласы, 8; Байкадам – 4; Жайылма-4; Игілік-3; Тоғызкент-2; Жаңаталап-2; Жаңаарық-2; Түркістан-3; Досбол-1; Қамқалы-1; ), қалалық жерге 12 адамға 150 000,0 мың теңге қаралған. Шағын несие алған 37 адам.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру 2021 жылға 300 адамға беру жоспарланған. 2021 жылдың 1 қыркүйегіне толық 300 азамат қайтарымсыз грант берілді, қаралған қаржы толығымен игерілді. Қосымша 300 адамға 175 020,0 мың теңге қаражат сұратылды.
Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
2021 жылға Әлеуметтік жұмыс орындарына – 60 адамды жолдау жоспарланған. Оның ішінде (50 адам – республикалық бюджеттен 11 айға 15360,0 млн теңге 10 адам жергілікті бюджеттен 6 айға 1053,0 млн теңге), 2021 жылдың 1 қыркүйегіне жолданғаны 97 адам, игерілгені 9 632,0.
2021 жылға Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша жоспар 165 адам. Оның ішінде (140 адам – республикалық бюджеттен 11 айға 61 257,0 млн теңге 25 адам жергілікті бюджеттен 6 айға 10939,0 млн теңге ), 2021 жылдың 1 қыркүйегіне жолданғаны 105 адам. Игерілгені 64 586,0 мың теңге.
Қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға жоспарланған адам саны-900, 2021 жылдың 1 қыркүйегіне жолданғаны 1051 адам. (Қаралған қаржы республикалық бюджеттен 600 адамға 8,5 айға 432004,0 млн теңге, жергілікті бюджеттен 300 адамға 6 айға 153000,0 млн теңге)
2021 жылдың 1 қыркүйегіне 947 жұмыссыз азамат есепте тұр, оның ішінде ауыл тұрғындары 778. Жұмыссыздар ішінде қоғамдық жұмысқа-1051; жастар тәжірибесі бойынша-105;әлеуметтік жұмыс орындары -97 азамат тартылды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша:
2021 жылға жоспар 868 отбасы (5 747 адам) бөлінген қаржы 561613,0 тенге.
2021 жылдың 1 қыркүйегіне аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 778 отбасының құжаттары қабылданды. Жыл басынан аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек 551 отбасына (2 767 адам) тағайындалды (Жаңатас қаласы-420, ауыл-131) және 227 отбасының табысы жан басына шаққанда кедейлік шегінен асуына байланысты немесе учаскелік комиссияның акт қорытындысына сәйкес тағайындалмаған.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен шартты ақшалай көмек 412 отбасы (2 212 адам) және шартсыз ақшалай көмек 139 отбасына (555 адам) тағайындалды.
Шартты ақшалай көмек алушылардың ішінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар 488 адам.

Ильяс Домалақов ,
«Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Сарысу ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директорының міндетін атқарушы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.