Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұржан Нұржігітов: Мемлекеттік қызметшілер заң мен тәртіпті алдымен өздері сақтауы керек

0 302

Мемлекеттік қызметшілер басқаларға барлық жағынан үлгі болуы тиіс. Өңірдегі жұмыстардың жемісті жүзеге асуы және тапсырмалардың нәтижелі орындалуы олардың білім-біліктілігі мен қарым-қабілетіне байланысты. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітов кезекті аппараттық кеңесте баса айтты.

Басқосуда жергілікті атқарушы органдардың орындаушылық тәртібіне жүргізілген талдау қорытындысы талқыланды. Баяндама жасаған облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Серік Әлібековтің айтуынша, ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 17769 құжат тіркеліп, оның 12438-і, яғни 61 пайызы мерзімінде орындалса, 4869 құжат бақылауда тұр.

Өткен жылы облыс әкімінің төрағалығымен 274 кеңес өтіп, онда 2481 хаттамалық тапсырмалар берілген. Оның 2130-і, яғни, 85,8 пайызы орындалып, 257-сі бақылауда.

Аймақ басшысы атқарылып жатқан жұмыстарды көрсете білу, әлеуметтік желідегі кері байланыстың, ақпараттық-түсіндіру жұмыстыраның әлсіздігін сынға алды.

– Біз өткен жылы барлық саладағы мәселелерді талқылап, кемшіліктерді реттеу, жұмыстарды күшейту, жұмысқа деген көзқарасты өзгерту бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеген болатынбыз. Тұрғындармен кездесулерде көтерілген мәселелерге де қатысты тиісті тұлғаларға нақты міндеттер жүктелген. Дегенмен, кейбір тапсырмалардың орындалмауының салдарынан нақты нәтижеге қол жеткізе алмай келеміз.

Сондай-ақ, кері байланыс әлі күнге бір жолға қойылмады. Тұрғындар әлеуметтік желіде мәселе көтерсе, нақты жауап берілмейді. Олардың көшеге шыққаның күтпей, түсіндіру шараларын, атқарылып жатқан жұмыстарды алдын-ала көрсету керек,-деді Нұржан Нұржігітов.

Жиын қорытындысымен жұмысы сылбыр бірқатар жауапты тұлғаларға тәртіптік шара қолдану үшін ұсыныстар әзірленетін болды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.