Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұрболат Сатымқұл – Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы

0 243

Қордай ауданы әкімінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 97ө-ж/қ өкімімен Сатымқұл Нұрболат Ақынғалиұлы Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Сатымқұл Нұрболат Ақынғалиұлы 1992 жылы 11 қазанда  Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бәйтерек ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.

2014 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2016 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Ақпарат және талдау орталығында» консультант болып бастаған.

2016-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімінде бас маман, 2017-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратында облыс әкімінің баспасөз қызметінің бас маманы, 2019-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты облыс әкімінің баспасөз қызметіндегі облыс әкімінің бас инспекторы, 2020-2022 жылдар аралығында Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Үйленген, 1 бала тәрбиелеуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.