Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұр-Сұлтанда ер азамат көңілдесі мен пәтер иесін пышақтап өлтірген

0 166

Нұр-Сұлтанда азаматтық некедегі әйелі мен өзі жалдап тұрып жүрген пәтердің иесін өлтірді деген күдікке ілінген ер азамат ұсталды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, пәтерден пышақ жарақатын алған 26 жастағы әйел мен 68 жастағы ер адамның мәйіті 16 қыркүйекте сағат 10.00-де табылған.

“Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Марқұмның 34 жастағы бұрынғы көңілдесі адам өлтірді деген күдікпен ұсталды. Ерлі -зайыптылар арасында жанжал туындап, оны пышақтап тастағаны анықталды. Жанжалға қатысқан қызды қорғаған 68 жастағы пәтер иесі де көптеген жарақат алған”, – делінген ПД хабарламасында.

Күдікті артынша ол қылмыс орнынан ізін суытқан.

“Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99 -бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп қосты ПД өкілдері.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.