Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұр-Сұлтанда 25 адам өздері білместен бір пәтерді жалға алған

0 467

2021 жылы елорда аумағында интернет-алаяқтар бойынша 600-ден астам іс ашылып, бірнеше адам жауапқа тартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kzа сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде әсіресе онлайн-сатып алуға байланысты алаяқтардан зардап шеккендер көбейген. Олар жалған жарнамалар жасап, ұялы телефон, жиһаз, алтын бұйымдары және басқа да тауарларды айтарлықтай жеңілдіктермен сатуда.

Мәселен, елордада пәтерлерді жалға беруші 8 тұлға ұсталды, олардың ішінде 32 жастағы әйел де бар. Ол жалған құжат жасап алып, бір күнде 25 астаналыққа өткізіп, 800 мың теңге олжалаған. Қазіргі уақытта алаяқ әйел тергеу изоляторында.

Сондай-ақ Түркістан облысының 26 жастағы тұрғыны120 адамды алдап, спорттық ставкалар арқылы ақша табуға уәде берген. Арамзалардың енді бір тобы, адамдарға қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерімін деп таныстырып, карталарынан ақша жымқырған.

«Оlх» және «Колеса» жеке хабарландырулар сайтының пайдаланушылары да зардап шекті. Осы сайт арқылы жоқ тауарды саудалаған. Мұндай әрекеттерден 400 азамат зардап шекті.Нұр-сұлтан Қ. ПД баспасөз қызметі

Интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында Нұр-сұлтан қаласының полиция департаменті мынаны ескертеді:

  • банк карталарының деректері мен CVV-код, құпия сөзді ешкімге айтпаңыз;
  • тауарды алмай жатып, ақы төлемеңіз.
  • онлайн-кредиттердің рәсімделуін болдырмау үшін өзінің дербес деректерді бөгде адамдарға бермеңіз;
  • тауарды, ақшаны көбейту бойынша күмәнді акцияларға қатыспаңыз;
  • көрсетілетін қызметтердің дұрыстығын тексеру (olx-жеткізу, жылжымайтын мүлікті жалға беру, мөлшерлемелерде ақшаны жылжыту және т.б.).
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.