Қалалық қоғамдық-саяси газет

Молшылық пен берекенің бастауы

0 418

Наурыз мейрамы – Орталық Азия халықтарының жаңа жылы.Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері Қазақ елінде кең көлемдеаталып келеді.Парсыша наурыз бірінші айдың бірінші күні дегенді білдіреді.Күн мен түннің теңеліп,шаруаның бір малы екеу болып,арқа-басы кеңіп,алдағы шуақты күндерді үміттендірген Наурыз мерекесі тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық,ұлттық сипаттағы салтанатына айналды.

Наурыз мейрамы аясында өткізілетін ұлттық рәсімдер баршылық.Мәселен,Наурыз көже дайындалып, апа-әжелеріміз қысқы соғымның әбден сүрленген сүбелі мүшелерін осы күндері қазанға молынан салады.Қазы-карта,жал-жая қазанға түсіп, ет сорпасына көже әзірленеді.Оған тары,арпа,бидай,бұршақ,күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақты молынан қосады.Тұз бен суды қосқанда дәмнің саны тоғыз болуы тиіс.

Түркі халқының ұғымында жеті мен тоғыз және қырық аса киелі сандар.Сол себепті наурыз көже аса қасиетті тағам болып саналады. Сондай-ақ Наурыз –  тоқшылықтың белгісі. Бұл күндері көңілінде кірбіңі барлар татуласады,адамдар бір-бірінің үйіне кіріп,құтты болсын айтады. Бұлақтың көзін ашып, алдынала үйін,ауласын кір-қоқыстан тазартады.

Қазақ халқында Наурыз мейрамы жыл басы болып саналады.Осы күндері дүниеге келген сәбилерге Наурызбай,Наурызгүл сындыесімдер де  берілген. ОсыкүндеріҚыдыр ата елді,үйді аралап,бақыт сыйлайды,бата береді деген наным-сенім де қалыптасқан. Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып тойлаған. Әсіресе жастар жағы таң шапағатын қарсы алып,арықтарды тазалап,су жіберіп,ағаш отырғызған. Бұл күні жер-жерде ат бәйгесі,көкпар тарту,қыз қуу,палуандар күрескен,қыз-жігіттер алты-бақан тепкен.Наурыз мейрамында әркім жылы шырайды сезініп,сағынышты көрісулермен,жалынды құшақтасуларымен мейрамды қарсы алған.

Қорыта айтсақ, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуде Ұлыстың ұлы күнінің маңызы зор. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Гүлнұр Ділдәбекова,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

«Конвергентті журналистика» мамандығының 4 курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.