Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мойынқұмда тары ору жұмыстары аяқталуда

0 387

  Мойынқұм ауданының  Күшаман, Көкжелек, А.Назарбеков ауылдары тары дақылын өсірумен айналысады. Бұл ауылдарда негізінен қызыл тары өсіреді. Биыл Қызылтал, Қызылотау ауылдық округтері аталған дақылды көптеп еккен. Қазіргі таңда егістікті ору жұмыстарын аяқтап қалды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

«Ынтымақ» шаруа қожалығының жетекшісі Мейірбек Шынжарбеков 11 гектар жерді тиімді пайдаланып, ауыл диқандарымен біріге тары дақылын еккен. Ондағы өзіне тиесілі жері – 3 гектар.

– Алажаздайғы еңбегіміздің жемісін көретін күн де жақындап келеді. Қазір біз тарыны қырманға жеткізіп, дәнін бастырып жатырмыз. Биыл егін суының кеш келуіне байланысты сәл кешеуілдеп қалдық. Алайда, тарының түсімі жаман емес, гектарынан 2,5 тонна аламыз деп отырмыз-дейді М.Шынжарбеков.

Аудан бойынша былтыр 5074 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі егілген. Биыл 5662 гектар жерге жаздық арпа, дәндік жүгері, тары, күнбағыс, картоп, көкөніс және бақша дақылдары, көп жылдық жоңышқалар себіліпті.

Айта кетерлігі, тары дақылының сабанын жеген сауын сиырдың сүтінің құнарлығы артады, дәнінен спирт жасалса, сабағынан қағаз шығаруға болады. Ал медицинада емдік қасиеті бары дәлелденген.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.