Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мойынқұмда мемлекеттік бағдарламалар мерзімінде орындалуда

0 187

Облыс орталығынан шалғай орналасқан Мойынқұм ауданының тұрғындары өзге аудардармен қатар мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын көруде. Ауданда әсіресе Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлерді қолдау жұмыстарына баса назар аударылып келеді.

Нәтижесінде, бағдарлама аясында «Жамбыл облысының кәсіпкерлікті қолдау картасына» Мойынқұм ауданында іске қосылуы жоспарланған 7 жоба енгізілген. 2жоба 2022 жылға ашылуы жоспарланып отыр.

Атап айтқанда:

  1. Turan Industry» ЖШС. «Табиғи тастан плиталарды, қаптауға арналған тақтайшаларды өндіру бойынша зауыт салу» жобасы. Жобаның құны – 500 млн теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 130 мың шаршы метр. Жоба іске қосылған уақытта – 30 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жобаның іске асырылу орны – Мирный елді мекені.

Қазіргі жағдайы: зауытқа электр энергиясын жүргізу мақсатына «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 59,5 млн теңге қаржы бөлінді.

Осыған байланысты, «Turan Industry» ЖШС-ға электр энергиясын жүргізуге қаралған жер аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміне берілді. Электр энергиясын жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін аталған жер сенімгерлік басқаруға «Turan Industry» ЖШС-ға беріледі.

Су құбырын жүргізу қажеттілігіне байланысты, облыс әкімінің атына 36,4 млн теңге жергілікті бюджеттен қаржы қарастыру бойынша хат жолданды.

  1. «SATELLITE GS» ЖШС.«Мыңарал кен орнында құрамында алтын бар кенді өндіру және өңдеу» жобасы. Жобаның құны – 500 млн теңге. Жоба іске қосылған уақытта – 33 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жобаның іске асырылу орны – Мыңарал елді мекені.

Қазіргі жағдайы: карьер қазу жұмыстары үшін «лицензия» алу бойынша Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өтінім жолданған, атлған министрліктің қарауында жатыр. Аталған лицензия берілген бойда өндіріс жұмыстары басталатын болады.

  1. «Бастан-Эк» ЖШС.«Мырыш кендерін өңдеу және өндіру» жобасы. Жобаның құны – 1 100 млн теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 100 мың тонна. Жоба іске қосылған уақытта – 120 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жобаның іске асырылу орны – Шығанақ елді мекені. Іске асырылу мерзімі – 2025 жылға жоспарланып отыр.

Аудан әкімінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №123 қаулысымен «Бастан-Эк» ЖШС 25 га жерге мемлекеттік актісін алды.

Проблемалық мәселе: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен лицензия ала алмауда.

  1. «Qazken Invest» ЖШС.«Тау-кен өндірісін ұйымдастыру, марганец кенін өндіру» жобасы. Жобаның құны – 1 500 млн теңге. Жобаның қуаттылығы – 55 мың тонна. Жоба іске қосылған уақытта – 35 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жобаның іске асырылу орны – Мыңарал елді мекені. Іске асырылу мерзімі – 2025 жылға жоспарланып отыр.
  2. «Shagala Mining» ЖШС. Мыс кендерін үймелеп шаймалау бойынша кәсіпорын салу жобасы. Жобаның құны – 50 600 млн теңге. Жобаның қуаттылығы – 9,1 мың тонна. Жоба іске қосылған уақытта – 439 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жобаның іске асырылу орны – Мыңарал елді мекені. Іске асырылу мерзімі – 2024 жылға жоспарланып отыр.
  3. «АЛТЕК MINING» ЖШС. «Доре қорытпасын өндіру бойынша қазіргі заманғы тау-кен байыту кешенін салу және пайдалану» жобасы. Жоба құны – 1 000 млн теңге. Жоба іске қосылған уақытта – 32 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жобаның іске асырылу орны – Ақбақай елді мекені. Іске асырылу мерзімі – 2024 жылға жоспарланып отыр.
  4. «Максутова» ЖК. «Балық өңдеу цехы» жобасы. Жоба құны – 260,0 млн теңге. Жоба іске қосылған уақытта – 30 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жобаның іске асырылу орны – Мыңарал елді мекені. Іске асырылу мерзімі – 2023 жылға жоспарланып отыр.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.