Қалалық қоғамдық-саяси газет

Министр елімізде көшеде түкіруге тыйым салу туралы ұсынысты қолдады

0 232

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният көшелерде түкіруге тыйым салу туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ОКҚ брифингінде журналистер министрден “заңнамалық деңгейде қоғамдық орындарда түкіруге тыйым салу ұсыныла ма?” деп сұрады.

«Мен қоғамдық орындарда түкіруге тыйым салуды толығымен қолдаймын. Мәдениеттілікке жатпайды. Менің ойымша, гигиенаға сай емес, жаман әдет. Сіздің ұсынысыңызды қолдаймын. Біз, бәлкім, бәріміз бірге осындай бастаманы депутаттарға беруіміз керек шығар”, – деді министр.

Журналист “министрлік жаңа саяси маусымда министрлік тиісті ұсынысты білдіре ме?” деп нақтылады.

«Білмеймін. Қандай кодекс? Біздің кодекске кіру керек пе? Сіздің ұсынысыңыз туралы ойланып көру керек. Кез-келген тыйым болған соң жаза болады. Әрине, мұны қоғаммен талқылау керек», – деп түйіндеді министр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.