Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Миналанған»: Ресей ұшағы Қазақстан аспанында дабыл белгісін берді

0 685

Санкт-Петербург – Сочи бағытындағы жолаушылар ұшағы «миналанғаны» туралы хабарламаға байланысты Қазақстан аспанында дабыл белгісін берген. Қазақстан авиациялық әкімшілігінің баспасөз қызметі осы дерекке қатысты пікір білдірді  деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz -ке сілтеме жасап.

Агенттік өкілі ұшақ Қазақстан әуе кеңістігінен сағат 18.50-де шыққанын айтты. «Миналанғаны» туралы хабарлама жалған болып шыққан.

«Санкт-Петербург – Сочи бағытындағы А319 әуе кемесінен «миналанғаны» туралы хабарлама келді. Кейін төтенше жағдай жариялап, Астраханьға барды», – деп мәлімдеді Қазақстан авиациялық әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Кейінірек төтенше жағдай алынып тасталды. Борт Сочиге штаттық режимде ұшып кеткен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.