Қалалық қоғамдық-саяси газет

Миллионер дауыс берді

0 179

Талдықорғанда Өтенай ауылдық округіне қарасты Мойнақ ауылының сүт өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкер Миллионер Қажыкенұлы дауыс берді.

Ерекше есімді ағамыз бала кезінен мал шаруашылығымен айналысып, ұлттық тағамдарымыз: шұбат, қымыз, құрт, ірімшік, сүт, айран т.б. халыққа ұсынып келеді.

Қазіргі уақытта 5 баласын және 10 немересін осы өнімдердің арқасында асырап отырған ер азамат.

“Сайлау – саяси науқан. Сайлауға түсіп жатқан үміткерлер мемлекетіміздің болашағына өз үлестерін қосып, жауапкершілік танытады деген ойдамын. Қазақстан Республикасы – өзінің демократиялық үрдістерімен бүкіл әлемге танылған мемлекет.

Мен осынау саяси жаңғырудың мән-маңызын, жалпыұлттық тұжырымын кең көлемде сайлаушы ретінде қолдай отырып, ел дамуының елеулі кезеңі халықтың саяси сауаттылығы мен сарабдал ойына, азаматтық көзқарасқа жүгінетініне сенімім мол”, – деді Миллионер мырза.

dalanews.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.