Қалалық қоғамдық-саяси газет

Микки Рурк байлығын украин көмекшісіне қалдырады

0 294

Америкалық атақты актер Микки Рурк Дмитрий есімді көмекшісіне бүкіл мұрасын қалдыратынын айтты деп хабарлады turkystan.kz

Бұл туралы Голливуд актері ресейлік журналист Ксения Собчакқа берген сұхбатында айтты.

«Менің жасым 70-ке келді. Мен көмекшіме жинаған дүниемнің бәрін өсиет етіп қалдырдым. Дима – менің ең жақсы досым. Егер онымен бірдеңе болса мен не істерімді білмеймін. Мен тіпті, өз үйімнің мекен-жайын да білмеймін», – деді ол.

Ал актердің ассистентінің айтуынша, ол 2014 жылы АҚШ-қа Украинадан жұмыс іздеп келген. Сол кезден бері Микки Рурктың шаруашылығына көмектесіп келеді.

«Ол – шығармашылықтың адамы. Сценарийлерді өзі жазады. Ал шаруашылықта өз бетінше ешнәрсе істей аламйды. Сол үшін мен оның барлық шаруасына көмектесіп келемін», – деді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.