Тараз қаласы желілік полиция бөлімшесінің қызмет көрсету аумағында 11-14 наурыз айы аралығында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Құқық бұзушылықты болдырмау және Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келген тұлғаларды анықтауға бағытталған шара қызмет көрсету аймағында заңсыз көші-қон арналарын болдырмауды көздейді.
Жедел-профилактикалық шара аясында көлік полицейлерінің алдында транзиттік ағынды тексеру, шетелдіктер арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету сияқты бірқатар міндеттер тұр.
Тараз қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесі