Қалалық қоғамдық-саяси газет

Меценат жаттықтырушыға қымбат көлік сыйлады

0 83

Алматыда елге белгілі спорт жанашыры, меценат Рүстем Мұқатов Қазақстанның грек-рим күресінен ересектер арасындағы ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Серік Жұмашевке қазақ спортының дамуына қосып жүрген елеулі үлесі үшін су жаңа RANGE ROVER автокөлігін сыйға тартты деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ақтөбедегі «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының бас редакторы, есімі елге белгілі журналист, ақын Мұсағали Тасқалиев айтты. Ол меценаттың бұрыннан бері спортшыларға, жаттықтырушыларға, жас жеткіншектерге жақсылығын жалпақ жұртқа жарияламай жасайтынын, осы жолы да үндемей жүріп, тағы бір сауапты іс жасағанын жеткізді.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді қазақта. Үнемі спортшылар мен бапкерлерге қолдау көрсетіп жүретін Рүстем Әбдікәрімұлына барша жанкүйерлер атынан ризашылығымызды білдіреміз. Рүстемдей жомарт, мәрт жігіттер көп болсын! Қазақ спорты жасасын! Жерлесім, Талдыапан деген кішкене ауылда туып-өсіп, спорт арқылы әлемге танымал болған Серік Жұмашев бауырыма темір тұлпарың құтты болсын деймін. Жеңісті күндерің көп болсын, бауырым!» – деді журналист.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.