Қалалық қоғамдық-саяси газет

Меркіліктер темекі мен алкогольден бас тартты

0 212

Меркі ауданының Аспара және Ақермен ауылдық округтерінде «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Меркі ауданы әкімдігі арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес «Салауатты ауыл» жобасын енгізу басталды.

Меморандумның мақсаты – «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді медицина» Ұлттық жобасын, сондай-ақ салауатты өмір салтының профилактикалық бағыты бөлігінде халық денсаулығы мүддесінде әлеуметтік әділдікті сақтау жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы саясатының стратегиялық міндеттерін іске асыруға көмек беру.
Аталған іс-шараның алдында Аспара және Ақермен ауылдарының қариялары, тұрғындары және жастарымен кездесулер өткізіліп, қан айналымы жүйесі ауруларының (инфаркт, инсульт) алдын алу, қауіп факторлары, салауатты өмір салты дағдылары, алғашқы көмек көрсету мәселелері бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізілді.
Денсаулық – бұл аурулар мен физикалық ақаулардың (ДДСҰ) болмауы ғана емес, толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқат жағдайы.
Жыл сайын инфекциялық емес аурулардан (қан айналымы ағзаларының (ҚЖА), онкологиялық, респираторлық синдромы бар тыныс алу ағзаларының аурулары, қант диабеті) барлық өлімнің 80 пайызын құрайды. Тек қан айналымы жүйесі ауруларынан жыл сайын 30 бен 69 жасқа дейінгі 15 миллион адам қайтыс болады.
Адам денсаулығына бірқатар факторлар әсер ететін темекі шегу, физикалық белсенділіктің төмен деңгейі, алкогольді пайдалану және дұрыс тамақтанбау – мұның бәрі мерзімінен бұрын өлім қаупін арттырады.
ДДСҰ мәліметтері бойынша, өлімнің барлық себептерінің 60 пайыздан астамы дұрыс емес өмір салтымен (дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділіктің төмендігі, жаман әдеттер) тікелей байланысты және инфекциялық емес аурулардың дамуына ықпал етеді.
Темекі шегу, оны тұтынатын адамдардың жартысына жуығы өлімге душар болуы мүмкін. Елімізде ересек тұрғындарға жаһандық сауалнама жүргізу кезінде 2019 жылы – 21,5 пайыз (2,8 млн) темекі шегеді, оның ішінде ерлер – 38,3 пайыз, әйелдер 6,4 пайыз темекіні тұтынады. Қоршаған орта үшін пассивті темекі шегу де өте қауіпті.
Жыл сайын әлемде алкогольден 3 миллионнан астам өлім тіркеледі, бұл барлық өлімнің 5,3 пайызын құрайды.
Ащы судың зиянды әсері 200-ден астам аурулар мен жарақаттардың себебі болып табылады. Оны тұтыну өмірдің ерте кезеңдерінде өлім мен мүгедектікке әкеледі. 20-29 жас аралығындағы адамдар арасында барлық өлімнің шамамен 13,5 пайызы алкогольмен, сондай-ақ психикалық және мінез-құлық денсаулығының бұзылуымен байланысты.
Дұрыс тамақтанбау артық салмақ пен семіздікке әкеліп соғады, денсаулыққа зиян тигізеді. 650 миллионнан астам адам семіздікпен ауырады және онымен ауыратындар саны жыл сайын артып келеді. 1975 жылдан 2016 жылға дейін бүкіл әлемде семіздікке шалдыққан адамдар саны 3 еседен астам өсті.
Кездесу барысында Аспара және Ақермен ауылдарының тұрғындары «Дені сау ұлт» жобасын енгізу бастамасын қолдады.
Аталған ауылдық өңірлерде тұрғындар темекі шегуден және алкогольден толық бас тартты. Жалпы білім беру ұйымдарында, ересек тұрғындар (ерлер мен әйелдер) арасында профилактикалық бағытта шаралар жүргізу, салауатты өмір салты дағдыларына оқыту ұйымдастырылатын болады.
Жұмыстың үлкен бөлімі дұрыс тамақтануды үйрету болып табылады. Тұтынылатын майлар мен қант, тұз мөлшерін азайту арқылы калорияны шектеу. Қант салмақтың өсуіне, жүрек ауруына, қант диабетіне ықпал етеді. Тұзды шамадан тыс тұтыну артериялық гипертензияның, бүйрек, бауыр, қан тамырлары ауруларының дамуына әкеледі.
Қайта өңделген, жылдам әзірленетін жеңіл тағамдарды, қуырылған тағамдарды, бәліштерді, печеньелерді, өнеркәсіптік транс майларды ас мәзірінен шығарып тастау керек. Жемістер мен көкөністерді, сондай-ақ бұршақ дақылдары мен жаңғақтарды тұтынуды арттыру қажет.
Меркі ауданы тұрғындарының салауатты өмір салты профилактикалық бағыты бойынша «Салауатты ауыл» жобасын іске асыру бастамасын басқа өңірлер қолдайды деп үміттенеміз.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.