Қалалық қоғамдық-саяси газет

Меркідегі митинг: әкімдік оқиғаға қатысты жауап берді

0 380

Бүгін Меркі ауылында болған саудагерлердің митингіне байланысты облыс әкімдігі ресми жауап берді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Хабарламада жиынға «Меркі», «Хан» базарындағы кәсіпкерлер базарды жаппауын талап етіп келгені айтылған.

«Меркі ауылы, Торғаев көшесінің бойында «Меркі», «Хан» және «Аспара» базарлары орналасқан. Көшенің бойында ретсіз жабайы сауда орындары қалыптасқан. Нәтижесінде көше бойы үнемі қоқыс, лас болып тұрады. Көше бойы мен базар іші санитарлық талаптарға сәйкес келмейдіСонымен қатар, көлік кептелісі тұрғындардың наразылығын тудырып, мектепке оқушыларды апару, жалпы халықтың жүріп тұруына ыңғайсыз болуда.

Сондықтан, базардың қақпасы күн батыс аумағына ауыстыру жоспарланды. Осы ретте, базардың жаңадан ашылатын қақпасына (Исмайлов көшесінен) баратын жолға арнайы бағдаршам орнатылып, жолы асфальттандырылды. Көлік қоятын парковка жасалды. Жаяу жүргіншілер жолы жасалып, реттелді.

Базардағы кәсіпкерлерге базарды жабу мәселесі айтылған жоқ. Тек, қақпасын батыс жағынан ашу бойынша жұмыстар жүргізілгендігі жеткізілді» – делінген хабарламада.

Дегенмен, базар орналасқан аумақ «Ортағасырлық Меркі қаласы» археологиялық орны екен. Базар иелері келісім шартта көрсетілген талаптар орындалмай, санитарлық талаптар сақтау бойынша ескерту жасалған. Сондай-ақ, базардың иелерімен жасалған келісім шарт мерзімі 2022 жылы аяқталатын болғандықтан, базар басшылығы кәсіпкерлерді ұйымдастырып, наразылықтарын білдіруге келген көрінеді.

«Аталған кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 14.30-да тарады. Сонымен қатар, Меркі ауылдық әкімдігі тарапынан 2021 жылдың 11 қыркүйегінде кәсіпкерлерге базардың қақпалары күн батыс бетінен ашылатыны туралы хабарлама беріліп, таныстырылған» – дейді әкімдік өкілдері.

Ресми жауапқа қоса әкімдік аталған базарлардың айналасындағы орын алып отырған жағдайдың фотосуреттерін де жолдаған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.