Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Мен сені сүйем»: Дариға Бадықованың күйеуі ел алдында жарына сезімін білдірді

0 1  497

Дариға Бадықова мен күйеуі Дархан Мұсаев ел алдында бір-біріне сезімін білдірді. Актриса жолдасына алғысын айтып, көңілін білдірді. Бұл сәтті көрермендер бірге тамашалады. Бұл туралы Қызық Live бағдарламасында айтылды деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрерменнің сүйікті кейіпкеріне айналған актрисалар Дариға Бадықова, Нұргүл Мыңғатова мен Сара Амангелді бірге сұхбат берді. Бір отбасының келіндері рөлімен таныс актрисалар өз өмірі мен отбасылық мәселелер жайлы баяндады.

Одан бөлек жақындарына телефон соғып, сезімін білдірді.

“Біз, қазақтар, жақындарымызға сезімімізді білдіре бермейміз. Әркім өз көңілін, сезімін ішінде сақтайды. Күйеуіне не әйеліне, ата-анасына, бауырына жақсы көретінін айта бермейді. Екінші жақ та оны қабылдауға дайын емес. Біреу жақсы көретінін айтса, оны қабылдай алмай тұрады”, – дейді Дариға Бадықова.

Сара Амангелді мен Нұргүл Мыңғатова бағдарлама барысында анасына қоңырау шалып, жақсы көретінін айтты.

Бағдарлама көрермендері мен желі қолданушылары актрисалардың жақындарының жауабын естіп, күлкіге қарық болды.

“Түсірілімнен шықтың ба? Даусың естілмей тұр. Мен де сені жақсы көрем”, –деді Сара Амангелдінің анасы Гүлнұр Мамасарипова.

“Не болып қалды? Қашан келесің?”, – деп жауап берді Нұргүл ханымның анасы.

Ал Дариға Бадықова жолдасына хабарласты.

“Дархан, сені бір құдай берді-ау. Бар ауыртпашылықты, жұмысымның қиындығын, менің түсініксіз жүйкемді көтеріп жүрген саған рахмет. Ұстасқан қолымыз ажырамасын, сені әрдайым жақсы көремін. Қолымнан келгенше құрметтеп, бірге болуға тырысамын. Тағдыр ажыратпасын”, – деді актриса.

Дархан Мұсаев алғысын айтып, өзі де ықыласын білдірді.

“Мен де сені сүйем, сен білесің ғой. Сен үшін өлемін ғой”, – деді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.