Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет

0 558

Құрметті мемлекеттік қызмет саласының мамандары!

Сіздерді Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Дамыған мемлекеттің негізгі қозғаушы тетігі – жоспарлы саясаты мен нақты қадамдарын жүзеге асырушы мемлекеттік қызметкер болып табылады. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты іс. Мемлекеттік қызметші – іскерлік дағды қалыптастырған еліміздің ең маңызды идеяларының бастаушысы.
Халқымызда «Жемісті жұмыс жаныңды жадыратады» деген қанатты сөз бар. Қашан да беделі биік, мақсаты айқын мемлекеттік қызметшінің басты міндеті
туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен айқындалады. Осы бағытта атқарған жұмыстарыңыз бен алға қойған міндеттеріңіз Сіздерді тек биіктен көрсете берсін.

Бүгінгі кәсіби мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Сәуле Кисикова,

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.