Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік қызмет бәріне қолжетімді

0 266

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасында 6 мемлекеттік қызмет түрі бар. Оның ішінде 4 мемлекеттік қызметті басқарма тікелей көрсетеді.

«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» «Электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды нысанда көрсетіледі.
«Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» және «ҚР спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғыры деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызметтері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚКО интеграцияланған ақпарттық жүйесі арқылы және «Электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды нысанда жүзеге асырылады.
Ал «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚКО интеграцияланған ақпарттық жүйесі арқылы көрсетіледі.
Сонымен қатар 2 мемлекеттік көрсетілетін қызметті басқарма бағынысындағы Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі және балалар-жасөспірімдер спорт мектептері көрсетеді. «Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттарды қабылдау» және «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметтері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚКО интеграцияланған ақпарттық жүйесі арқылы және «Электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды нысанда жүзеге асырылады.
Сондай-ақ басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу тәртібі туралы ақпарат басқарманың ресми сайтының «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.