Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік сатып алу майшелпек емес

0 222

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 722-бабына сәйкес, аудит материалдары, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдардан материалдары бойынша әкімшілік істерді қарап хаттамалар толтырады.

Кодекстің 207-бабы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін, қайталанған жағдайда 200 АЕК, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзғаны үшін 238, 239-баптар бойынша жеке тұлғалар, лауазымды тұлғалар, заңды тұлғаларға 100 АЕК мөлшерінде, қайталанған жағдайда 200 АЕК және 1 000 АЕК дейін айыппұл салуға әкеп соғады. 250-бап бойынша міндетті аудит жүргізуден жалтарғаны үшін шағын кәсіпкерлікке – 15 АЕК, орта кәсіпкерлікке – 20 АЕК, ірі кәсіпкерлікке 200 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Департамент Кодекстің 462-бабының 3-бөлігі бойынша хаттама толтырып, ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарау үшін әкімшілік істерді сотқа жібереді. Онда заңды талаптарды немесе нұсқамаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін лауазымды тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Айта кету керек, жоғарыда аталған құқық бұзушылықтар Кодекстің 810, 811-баптарына сәйкес, қысқартылған тәртіпке қаралуы мүмкін. Бұл норма 7 тәулік ішінде айыппұл сомасын аталған санкциясының 50 пайызы мөлшерінде айыппұл төлеу құқығын белгілейді. Мұндай құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады, яғни департаментпен Кодексте көрсетілген айыппұлдың толық сомасына қаулы шығарады.
2025 жылдың 4 айында департаментте барлығы 93 әкімшілік хаттама тіркелген. Оның 78-і қаралып, әкімшілік айыппұлдар салынса, 15 материал сотқа жіберілді. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы – 10,5 млн теңгені құрап, оның 10,3 млн теңгесі өндірілді. Қалған 235,9 мың теңге өндірілмеген сома мәжбүрлеп орындау үшін жеке сот орындаушыларға берілді.
Бұдан бөлек, департамент мекеме басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңнама нормалары мен талаптардың қатаң сақталуы қажеттігі түсіндірілді.

Әмірхан БАЙМАҒАМБЕТОВ,
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының міндетін атқарушы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.